"10 қазан мен 4 қарашада арнайы прокуратура Алматы облысы бойынша ІІД және қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне қызметкерлерді жауапкершілікке тарту және сотталғандарға іздеу жариялау туралы ұсыныс енгізді. Қылмыстық кодекстің 430-бабы бойынша сот актілерін орындалмағаны тіркелді", – делінген хабарламада.Алматы облысының полиция департаментіне қатысты сот актісін орындамау туралы іс материалдары ДП ішкі қауіпсіздік басқармасына берілді. Аппазов 15 қарашада ұсталды. Әзірге ол уақытша ұстау изоляторында.
Алматы облысында сотталып кеткен экс-әкім бостандықта жүрген
19.11.2024
248
Алматы облысы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов сотталса да, 9 ай бостандықта жүрген, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Сот алғашқы үкімін 2020 жылы шығарды. Сол кезде ол жергілікті белсенді Галина Арзамасоваға шабуыл жасағаны үшін жеті жылға сотталды. Екі жылдан кейін Аппазов санаторий-курорттық, су қорғау аймақтары мен суару желілерінен жер телімдерін беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп сотталды. Сот бірінші іс бойынша өтелмеген жазасын ескеріп, оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Сөйтсе Аппазов былтыр бостандыққа шыққан. 2023 жылдың қыркүйегінде Қонаевтың соты жазаны жеңілдету туралы өтінішті қанағаттандырған. Аппазов қалған жазасы үшін айыппұл төледі, бірақ оның мөлшері жарияланбады. Қадағалау органы жазаның үштен бірінен астамы өтелгенін, жақсы мінез-құлық танытқанын ескерген.
Алайда прокуратура сот шешімін бұзуды талап етіп, шағым түсірді. Апелляциялық сот оны ақпанда қолдап, қайтадан қамауды талап етті. Бірақ бұрынғы шенеунік колонияға оралмаған. Прокуратура 8 ақпанда сот бұйрығын орындау үшін Алматы облысының полиция департаментіне жібергенін атап өтті.
Кейін қадағалау органы Аппазовтың және тағы бірнеше сотталушының түрмеде отыруы керек болса да, жазасын өтемей жатқанын анықтады.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026