27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында "қорғауға" аламыз деп кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалайтын қылмыстық топ туралы ақпарат түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "маргиналды жастардың" қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін хабарлады. 25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстады, - деп жазды облыстық ПД бастығы өзінің Instagram-дағы парақшасында.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Алматы базарларында сатушыларға күш көрсетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
28.07.2024
273
Алматы облысы мен Алматы қаласында орналасқан сауда базарларын "қорғауға" аламыз деп, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың мәлім етті.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026