Актриса Лидия Кәденова жаңа атағын жақындарымен атап өтті (ВИДЕО)
19.11.2024
287
Қазақстандық танымал актриса Лидия Кәденова "Халық әртісі" атағын иеленіп, бұл мәртебелі қуанышын жақындарымен және жұлдызды әріптестерімен дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кеш Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Актриса той төріне ұлы Дидар Кәден, келіні және қос немересімен бірге шықты. Шара тізгіні белгілі асаба Ерқанат Ермахан мен актер Нұржан Әбубәкірде болды.
Атақты актрисаның қуанышына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асанәлі Әшімов, әнші Роза Рымбаева, актер Досхан Жолжақсынов, әнші Жұбаныш Жексенұлы, "МузАРТ" тобы, Әли Оқапов, Мұхтар Ханзада және басқа да жұлдызды қонақтар келді. Олар кеш қонақтарына өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден келіншегімен бірге анасына қажылыққа жолдама тарту еткен.
"Бұл атақ мен үшін үлкен құрмет. Баршаңызға алғысымды білдіремін",- деді актриса кеш барысында.
Мерекелік шарада Лидия Кәденоваға арналған әндер орындалып, жылы лебіздер айтылды.
[embed]https://youtu.be/AiZW-EOkF_8[/embed]
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026