Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айгүл Иманбаева анасымен бірге сирек суреттерімен бөлісті
20.11.2024
350
Қазақстандық актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде анасына арнап әсерлі пост жариялап, оның өмірі мен мінезі туралы сыр шертті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Актриса өзінің анасын "Тәтем" деп ерекше атап, ол туралы ерекше ықыласпен әңгімеледі.
"Ана туралы әңгіме болғанда, жүрегі елжіремей сөйлей алатын жан жоқ шығар! Менің Анашым (Тәтем деп атаймын)Кішкентайымыздан Анашымның бауыры-інісі,(біздің нағашы ағамыз)бізге солай айтыңдар- « Ол менің Тәтем»- деп үйреткен соң солай атаймыз).Тәтем өте еңбекқор, шыншыл,мінезі тік,тазалыққа тастай,өзі өмір бойы есепші(финансист) болып өкіметте жұмыс жасаған, көзі ашық,көкірегі ояу,өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары,кезінде адуынды айел болды.Үйде үш баламыз,үшеуімізге де екі жоғары оқуды оқытып,алдымызға мақсат қоюды үйреткен де-менің Анашым-Тәтем.Талай жетістігіммен қуанттым.Жастықпен талай ренжіттім де.Ал қазір жасы ұлғайған сайын Тәтем -көз алдымда кішкентай балаға айналып барады.Жүрегім ауырады.Қолымнан келгенше көбірек қуантуға ,еш ренжітпеуге тырысамын.Барынша батасын алып,мүмкіндігінше көбірек қасында болуға тырысамын.Тәтем менің- мотиваторым!Биік қорғаным!Тағынатын тұмарым!Тірелетін тірегім!Достар!", – деп жазды актриса.
Сондай-ақ, Иманбаева оқырмандарына аналарымен қарым-қатынасты қадірлеуге шақырды.
"Аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер,ауыр сөз айтпаңыздар,ақыл да айтпаңыздар,батасын көбірек алып,көбірек қуантыңыздар.Оларға зәулім сарайда,байлықта керек емес- тек жылы сөзің,мейірімің ғана керек.Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып жағдайын сұраңыз.Ертең жағдайын сұрайтын Анаң болмай қалса кімге еркелейсің? Дауысына зар боларсың", – деп түйіндеді ол.
Бұл жазба оқырмандардың жүрегін тебірентіп, ананың қадірін түсінуге үндеді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026