Өмірімде көрген ең қорқынышты дүние – қазақтардың жаназасы. Жақыныңнан айырылып, жаның ауырып, еңсең түскен сәтте үйге 7 күн бойы қонақтар келеді. Кейін тіпті бұл 40 күнге жалғасады. Біреулер бір бөлмеде күліп-ойнап, ас әзірлеумен айналысады. Ал басқа бөлмеде әйелдер апта бойы бар дауыстарымен айқайлап, өтірік жылайды. Сен бұл адамдардың алдында жылай алмай, жалғыз қалғың келеді. Марқұмды шығарып салатын күні бір бұрышта жылап тұрсаң, саған “бар дауысыңмен айғайла” деген талап қояды. Себебі солай жылау керек екен. Және сенің ішкі жағдайың ешкімді қызықтырмайды. Барлығы марқұм туралы өсек әңгімелер айтып, бар дауысыңмен айғайлап жыламағаның үшін саған көздерінің қиығымен қарайды. Мұның барлығы – адамдардың бойындағы екіжүзділіктің нағыз көрінісі, – деді желі қолданушысы.Жазбаның астында бір топ қазақстандық оның ойына қосылып, бастарынан өткен ұқсас жағдайларды баяндап кеткен: “Онымен қоймай, “дастархандары жақсы жайылмаған, салаттары дәмді емес, бауырсақтары қатты” деп талқылайды”, “Сарқыт алуға пакет беріңдерші” дейтіндер де бар”, “Таңғалатыным, адамдар қалайша осындай кезде еш қысылмай ішіп-жеп, әңгіме айтып отырады?”, “Әкем қайтыс болғанда келгендердің бәрінің айтқаны біздің ескі үйіміз бен төмен жағдайымыз болды”, “Біз жылап отырғанда туысқандарымыз тамақ ұрлаған”, “Бәрінен бұрын әйелдерді эмоцияға беріледі деп жерлейтін кезде зиратқа апармайтыны таңғалдырады. Мәселен, мұсылман түріктерде әйелдер лайықты түрде зиратқа барады ғой”, – деді желі қолданушылары.
"Әйелдер айқайлап өтірік жылайды": Желі қолданушысы қазақтардың жаназасы ең сорақы көрініс екенін айтты
01.11.2024
291
Желіде қазақтардың жаназаны өткізу салтына кейіген арудың жазбасы көпшіліктің талқысына түсті. Айтуынша, жұрттың марқұмның үйіне барып, ішіп-жеп, дастарханды сынауы, өсек айтып көңіл көтеруі – екіжүзділіктің нағыз көрінісі, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Салаттары дәмді емес, бауырсақтары қатты, үйлері жұпыны”. Жұрт жаназада нені сынайды?
TikTok пайдаланушысының айтуынша, қазақтардың жаназада өздерін ұстауы екіжүзділіктің айқын көрінісі.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026