"Қылмыстық кодекстің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер сотталушы қылмыспен келтірілген зиянды толық өтеген болса немесе жазасын өтеу тәртібін бұзбаған болса, қалған жазасын жеңілірек жазаға ауыстыруға болады. Сот зардап шеккендерге келтірілген зиянның өтелуін, мәжбүрлі төлемдер мен процессуалдық шығындардың төленуін, сондай-ақ зардап шеккендермен татуласуды ескереді. Осылайша Жұмабектің өтінішін қанағаттандырып, оның жазасының қалған 2 жыл 5 ай 11 күнін 670 797 теңге мөлшерінде айыппұлмен алмастырды. Тараптар сот шешімін апелляцияға бермеді", – делінген сот хабарламасында.Сот шешімі заңды күшіне енді.
6,5 жылға сотталған актер Асқар Жұмабек қалай бір жылдан кейін босап шықты?
11.12.2024
494
Қазақтандық актер Асқар Жұмабек 6,5 жылға сотталғаннан кейін бір жылдан соң мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Сот оның жазасының өтелмеген бөлігін жеңілірек жазаға ауыстырылды. Осылайға оның айыппұлмен ауыстыру туралы өтінішін қарастырып, шешім қабылдаған. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, Асқар Жұмабектің жазасын жеңілдету туралы өтініші Тараз қаласының №2 сотымен қаралды. 2023 жылдың қазан айында Алматының Бостандық аудандық №2 соты актерді бір караоке-барында төбелеске қатысқаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жыл 6 ай 15 күн түрме жазасын тағайындаған. Бұл іс бойынша ол Қылмыстық кодекстің 293-бабының (Бұзақылық) 2-бөлігі, 1-тармағы, 106-бабының (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) 2-бөлігі, 1), 5), 7), 107-бабының 2-бөлігі, 1), 5) тармақтары бойынша сотталған.
2024 жылдың 20 тамызында Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы актердің жазасын өзгертіп, оны 4 жыл 15 күнге дейін қысқартты.
Тараздағы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотта Асқар Жұмабек жасаған іс-әрекетіне өкінгенін, түзелу жолына түскенін және өтінішін толық қолдайтынын түсіндіріп, оны қанағаттандыруды сұраған. Зардап шеккен тараптың өкілі, адвокат А зардап шеккендерге материалдық зиян мен моральдық шығын толық өтелгенін мәлімдеді. Сонымен қатар жәбірленушілер актерге кешірім беріп, өтініштің қанағаттандырылуына қарсылық білдірмейтінін айтқан.
№25 түзету мекемесінің өкілі сотта Асқар Жұмабекке өтінішін қанағаттандыру қажет деген пікір білдірді. Прокурор да осындай пікір білдіріп, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдауды ұсынды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026