«Қайғылы түнде Жанғали смартфон арқылы осы ойынды ойнап отырған. Түнгі сағат 3 шамасында әпкесі оған телефонды сөндіріп, ұйықтауды сұраған. Жанғали бұл өтінішті елемей, ойынын жалғастырған. Екінші рет ескерту жасалғаннан кейін ашуға булығып, қылмысқа барған», — деп жазады журналист.Жанғали бәрі ұйықтап қалған соң пышақпен 28 жастағы ағасына 20-дан астам жарақат салған. Жарақаттар ауыр болып, ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оның айқайынан оянған туыстары да оның шабуылына тап болған. 50 жастағы әпкесі беті мен мойнынан ауыр жарақат алған. 60 жастағы әйелдің қабырғалары сынған және денесінің әртүрлі бөліктері жарақаттанған. Барлық үш әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты. Полиция күдіктіні ұстады. Оның әрекеті «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша алдын ала сараланып отыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастырып жатыр.
«20 рет пышақтаған»: Астанада туыстарына шабуыл жасаған жігіт туралы жаңа мәлімет шықты
19.01.2025
194
Астанада 21 жастағы Жанғали Жұматаев өз туыстарына пышақпен шабуыл жасап, бір туысын өлтіріп, тағы үшеуін ауыр жарақаттады. Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні түнде Ғабиден Мұстафин көшесіндегі пәтерде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Михаил Козачковтың Kozachkov offside арнасындағы мәліметінше, оқиға болған пәтерде 60 және 50 жастағы апалы-сіңлілі тұрған. Олармен бірге әпкенің балалары мен ағасының жұмыссыз ұлы Жанғали Жұматаев өмір сүрген. Жанғали бос уақытында тек Standoff 2 атты компьютерлік ойын ойнаумен айналысқан.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026