Криптовалюта енді заңды: Қазақстанда цифрлық активтер нарығы қалай өзгереді?
Қазақстанда цифрлық қаржы саласында жаңа кезең басталғалы тұр. 2026 жылғы 1 мамырдан бастап «Цифрлық активтер туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл – тек техникалық түзету емес, тұтас нарықтың жұмыс істеу логикасын өзгертетін шешім. Бұған дейін көбіне реттелмеген кеңістікте жүрген криптовалюта операциялары енді заңды алаңға шығып, нақты ережелер бойынша жүзеге асады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік, ашықтық және инвесторларды қорғау мәселесін жаңа деңгейге көтермек, деп жазады Ozgeris.info.
12:33, 04 мамыр 2026