Роналдуға қатысты жаза жеңілдетілді: Португалия федерациясы қандай уәжге сүйенді?
Португалия футбол федерациясы Криштиану Роналдуға қатысты тәртіптік істі қарастырып, оның жазасын жеңілдетуге негіз болған бірнеше мән-жайды ескерді. Атап айтқанда, футболшының спортты дамытуға қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі жеңілдететін факторлар ретінде танылды.
09:11, 20 қазан 2026