Танымал журналист Руслан Өтепбай Жангелдин ауданында жоғалып кеткен бүтін бір отбасы туралы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.
"Бүгін Атыраудағы соңғы күнім. Қала тамаша екен. Тұрғындары тіпті бөлек. Қызыл балықтан бешбармақ жеп, Жайықтың үстінде жаяу жүріп қайттым. Атырауға келу себебім - Жангелдин ауылына барып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ол туралы келесі апта баяндаймын. Ал ертең Шымкентке барып, қаскөйдің қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасынан сұхбат аламын. Сапарымыз сәтті болғай", - деп жазды.