Шоу-бизнес

“Ысырапшылдық”: Абай Бегейдің қызы аста-төк той жасаймын деп сынға қалды (ВИДЕО)

“Ысырапшылдық”: Абай Бегейдің қызы аста-төк той жасаймын деп сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Ниязқұлова Ерке кенже қызына ұланасыр той жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ол қызы Мединаның 1 жас тұсаукесерін өткізді.

 "Бүгін біздің кішкентай ханшайымымыз Мединамыздың алғашқы қадамдарының бастауы – тұсауын кесіп, шашын алдық.

Бұл – әр ата-ана үшін ерекше толқитын сәт… Балаңның тәй-тәй басып, үлкен өмірге алғашқы қадамын жасауы — сөзбен айтып жеткізе алмайтын бақыт екен.
Мединамыздың тұсауын жақсы ниетпен, ақ жол тілеп кіндік мамасы Аидаға, қадамы нық, жолы ашық, өмірі жарық болсын деп шашын нағашы атасына кестірдік.

Осындай сәттерде жүрек ерекше елжірейді…
Алла қаласа, Мединамыз тек жақсылыққа қадам басып, әрдайым биіктен көріне берсін.

Біз үшін бұл күн – естелікке толы, жүректе мәңгі сақталатын ерекше күн болды.

Медина, қадамың құтты болсын, қызғалдағым", - деп жазды ол. 

Алайда жұрт аста-төк жасаған бұл тойды ысырапшылдық деп бағалауда.

 "Не жеп байып жатыр осылар", "Лотореямен байыған", "Ысырапшылдық қой", "3 ресторан ашып алды халықтан ақша жинап", "Бәрінің сұрауы бар", - деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық