🌐 Әлем

Вьетнамда туристік кеме апатынан 38 адам қаза тапты

Вьетнамда туристік кеме апатынан 38 адам қаза тапты

19 шілдеде Вьетнамның солтүстігіндегі Халонг шығанағында болған туристік кеме апатынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп хабарлайды VTC. Бұған дейін 34 адамның көз жұмғаны белгілі болған. Құтқарушылар түнде тағы төрт адамның денесін тапты деп хабарлайды ozgeris.info сайты informburo.kz сайтына сілтемемен.

 

Бес адам әлі із-түссіз жоғалғандар қатарында. 10 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстары түнде қатты жел мен жаңбырға қарамастан жүргізілді. Іздеу жұмыстарына 1000 адам, оның ішінде 30 сүңгуір қатысты. Кеме жағаға жеткізілді.

 

Круиздік кеме QN-7105 бортында 53 адам – 48 турист пен 5 экипаж мүшесі болған. Барлығы – Вьетнам азаматтары. Олар Ханойдан Халонгқа отбасылық демалысқа келген.

 

Қайғылы оқиғаға кенеттен басталған дауыл мен екпінді жел себеп болған. Бір әсерлі жайт – 14 жастағы бала кеменің су астындағы бөлігінде 4 сағат бойы ауа қалтасының арқасында тірі қалған. Кейін құтқарушылар оны шығарып алды.

Барлық жаңалық