Шоу-бизнес

«Ұшақтан өрт шықты»: Гүлзира Айдарбекова әуежайда болған сұмдықты айтты

«Ұшақтан өрт шықты»: Гүлзира Айдарбекова әуежайда болған сұмдықты айтты

Гүлзира Айдарбекова әуежайда қиын жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Бұл туралы ол жеке парақшасында бөлісті. 

"Енді шәй ішуге де, оқырмандармен суретке түсуге де уақыт бар. Ойбааай, әлі 2 жарым сағат бар ұшуға. Бүгінгі бос өткен күнім ай… Түркістаннан Алматыға 14:25 те ұшу керек болып, ұшаққа отырсақ, басқа ұшақтан от шықты деп қайта түсірді, тек уақытты созумен, соңында түнгі 22:30 да ұшасыздар деді. Сонымен сенім қалмай, Шымкентке келдік, басқа билет алып. Ол аздай билет сатқан компания, біз кінәлі емеспіз, ақша толық қайтарылмайды, аэропорт кінәлі дейді. Сылтаулары бітпейді өз пайдаларына", деп жазды продюсер. 

Барлық жаңалық