ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ мен ҰҚК Шекара қызметінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар ер адамдардың бірін өздігінен жағалауға қарай жүзіп келе жатқан жерінен анықтады.
"Құтқарушылар оны бортқа көтеріп, жағаға жеткізді. Қалған екі ер адамды іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыстар тәуліктің қараңғы уақыты мен су айдыны аумағының кең болуына байланысты қиындады. Іздеу жұмыстары әртүрлі бағыттар бойынша төрт секторда ұйымдастырылды. Құтқарушылар су айдынының 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан 10 шақырым қашықтықтан іздеу тобының күшімен табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы ТЖМ күштері мен құралдары, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері және еріктілер тартылды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Сонымен қатар іздеу жұмыстарына ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.