Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Айта кетсек, бұған дейін желіде Нұрлан Сабуровтың ресейлік жеке әскери компанияның (ЖӘК) жалдамалыларына демеушілік етуге қатысы бар болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Ақпанда ҰҚК желіде тараған бұл ақпаратты тексере бастағаны туралы мәлімдеген еді.
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі тергеу аяқталғанын хабарлады.
"Тергеу нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық белгілері табылмағанын хабарлаймыз", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.