Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 57 жасқа толып, туған күнін жақындары мен өнер жұлдыздарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Туған күн кешіне Алагөзовтің бірінші некесінен туған ұлы мен қызы да қатысты. Кеш барысында Баян Мақсатқызы жұбайының балаларын құшақтап, оларға ерекше ілтипат көрсетті. Бұл сәт көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.
Кештен тараған кадрларда Баянның Тұрсынның балаларын жылы құшақтап, олармен жақын қарым-қатынас орнатқаны көрінеді.