Кейінгі күндері көп ата-ана балалардың шотына ақша түскенін байқап жатыр. Бұл қайдан келген қаражат, қанша жиналды, оны қалай пайдалануға болады деген сұрақ көп. Ұлттық қордан балаларға берілетін бұл ақша енді нақты іске жарап жатыр, деп жазады Ozgeris.info.
Жыл басында отандық балалардың БЖЗҚ-дағы шоттарына Ұлттық қордан қаражат аударылды. Әр балаға 130,71 доллар түсті. Бұл ақша Ұлттық қордың жинағы мен инвестициялық табысынан бөлінген. Қаражаттың түскен түспегенін ата аналар eGov mobile қосымшасынан, кейбір банктердің мобильді қосымшаларынан немесе kids.enpf.kz сайтынан көре алады.
Егер бала 18 жасқа толған болса, бұл ақшаны бірден пайдалануға мүмкіндік бар. Биылғы ерекшелік – сома бұрынғы жылдарға қарағанда көбірек. Себебі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылған 3 жыл ішінде бір баланың шотында 370,56 доллар жиналып үлгерді. Бұл қаражатты екі бағытта пайдалануға болады. Біріншісі – баспана мәселесін шешу. Екіншісі – білім алу үшін төлеу. Яғни үй алуға да, оқу ақысына да жарайды. Қайсысын таңдау әр отбасының өз еркінде.
Қаражатты пайдалану үшін өтінім «Отбасы банктің» enpf-otbasy-kz онлайн платформасы арқылы беріледі. Соңғы 2 жылда осы платформа арқылы 187 688 өтінім мақұлданған. Барлығы 29 млн доллар жұмсалған. Бұл бағдарламаның халық арасында кең таралғанын көрсетеді.
Көбі Ұлттық қордан түскен ақшаны «Отбасы банкіндегі» депозиттерін толықтыруға бағыттаған. Осы мақсатта 112 818 өтінім өңделген. Нәтижесінде депозиттерге 9,1 млрд теңге аударылған. Яғни жастар мен ата-аналар бұл ақшаны болашақта үй алу үшін жинақ ретінде пайдалануды жөн көріп отыр.
Ұлттық қордың ақшасын депозитке салумен қатар, оны үйді несиеге алар кезде бастапқы жарна ретінде немесе үйдің толық құнын төлеуге де қолдануға болады. Бұл әсіресе баспанасы жоқ жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Білім беру бағыты да бар. Бұл ақша Қазақстандағы оқу орындарының оқу ақысын төлеуге, «AQYL» білім беру депозитін толықтыруға немесе бұрын алынған оқу несиесінің бір бөлігін жабуға жұмсалып жатыр.
Қазір көптеген азаматтар бұл қаражатты әлі пайдаланбаған. Ақша олардың БЖЗҚ дағы шотында сақтаулы тұр. Бірақ бір нәрсені ескеру керек. Бұл ақшаға қосымша табыс есептелмейді. Егер қаражат 10 жыл бойы қолданылмаса, ол автоматты түрде зейнетақы шотына аударылады. Сол себепті оқу жоспарда болмаса, ақшаны депозитке аудару тиімді.
«Отбасы банкінің» депозитінің бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, тіпті аз ақша салсаң да, ол өседі. Банк 2% сыйақы береді. Ал мемлекет 200 АЕК тен аспайтын сомаға 20% көлемінде сыйлықақы қосады. Осыны есептегенде жылдық тиімді мөлшерлеме 14% ға дейін жетеді.
Екіншіден, депозит жинақтаған адам кейін үйді төмен пайызбен ала алады. Жылдық мөлшерлеме 3,5% тен 8,5% ға дейін болады. Сонымен қатар «Наурыз» сияқты арнайы бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі пайда болады.
Үшіншіден, жинақты ерте бастаған сайын, несие алу шарттары жеңілдей түседі. Бағалау көрсеткіші өседі, пайыз төмендейді, ай сайынғы төлем де азаяды. Тағы бір маңызды тұсы – депозитті тұрақты толтырып отырса, табысты дәлелдеусіз несие алуға болады.
Қаражатты аудару үшін enpf-otbasy-kz платформасына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіру керек. Алдымен ағымдағы шот ашылады. Егер бұрын «Отбасы банкінің» клиенті болсаңыз, шот автоматты түрде ашылады. Ал банк клиенті болмасаңыз, мобильді қосымша арқылы, бөлімшеде немесе бейнеқоңырау арқылы ашуға болады. Одан кейін жеке кабинет арқылы БЖЗҚ дан ақша алу туралы өтінім беріліп, оны қандай мақсатта пайдаланатыныңыз көрсетіледі. Қаражат шотқа түскен соң, банк құжаттарды тексеріп, мақұлдаған жағдайда ақша көрсетілген бағытқа аударылады.