Танымал әнші Ерке Есмахан тұңғыш ұлына қатысты жағымды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұлы Муслим Алматыдағы халықаралық мектепке оқуға түскен. Оған әкесі Райм себепкер болған.
"Муслим жазғы демалыстарда Англия, Америкаға барып оқып келгені естеріңізде ғой иә? Райм баламды шет елде оқытамын деп дайындап жүр. Бір жағынан үлкен баскетболда ойнатуға ниетті. Алла бұйыртса деп үлкен арманға бірінші қадам жақында жасалды. Жаңа жыл алды барлық пәндерді ағылшынша оқытатын мектепке папасы апарып тест тапсыртқызды. Бағын сынап көрейін, мүмкін түсіп кетер деген оймен. Жаңа жыл күніне жақын тест қорытындысы шықты. 31-желтоқсан күні тосын сый жасап қуанттық", - деді өнер иесі.
Сондай-ақ баланың сабағына су жаңа ноутбук та алып берген.
"Сабаққа жаңа макбук алынды. Мектеп форма жоқ, еркін киіне береді", - деді Ерке.
