Жаңалықтар

Ұлдана Мырзуан ісі: сотта судьяға қатысты шу шықты

Ұлдана Мырзуан ісі: сотта судьяға қатысты шу шықты

Елорда сотында қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты екінші отырыс өтіп жатыр, деп жазады Ozgeris.info тілшісі. 

ҚР ҚК-нің 254-бабы 1-бөлігі («Міндеттеріне адал қарамау») бойынша айыпталып отырған С. Жұбаниязованың адвокаты А. Алимов судья М. Абаеваға ресми түрде қарсылық (отвод) білдірді.

Қарсылық білдіруге судьяның қорғаушы тарапқа іс материалдарымен танысу үшін уақыт бермей, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішті қанағаттандырмауы себеп болған.

Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша судья үзіліске шықты.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың қарашасында болды. Тұрғын үй қаптамасы мен кондиционер блогы марқұмның үстіне құлап, дәрігерлік міндетін атқарып жүрген Ұлдана Мырзуан алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған еді.

Барлық жаңалық