Шоу-бизнес

"Үйленгенін ел болып тойлаймыз": Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен суреті тарады (ФОТО)

"Үйленгенін ел болып тойлаймыз": Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен суреті тарады (ФОТО)

Threads қолданушысы жеке парақшасына Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Ол әйгілі әншінің белгісіз арумен жұп екенін жазып, бақыт тілеген. 

"Димаш Құдайбергенов, бақытты бол", - деді ол. 

Алайда желі қолданушылары автордың жазбасы түсініксіз екенін айтып, түрлі пікір қалдыруда. 

"Сіз не туралы айтып отырсыз?", "Үйлену тойын ел болып тойлаймыз", "Не мынау енді? Не басы жоқ, не аяғы жоқ", "Жайшылық па", "Дым түсінбегендер біргеміз", деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты ақпарат жоқтың қасы. Әнші үйленген жағдайда әйелін құпия ұстайтынын бұған дейін сұхбаттарында айтқан еді.

Барлық жаңалық