Қоғам

«Үйінде тұрдым»: Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқанованың қандай адам екенін айтып берді

«Үйінде тұрдым»: Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқанованың қандай адам екенін айтып берді

Актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев продюсер Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол өнер жолында өзіне бағыт-бағдар көрсеткені үшін Мөлдір Мұқановаға алғысын білдіріп, Тұрсынбек Қабатовпен де жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

"Мөлдір жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнерге келуіме себеп болған ол - Тұрсынбек ағам. Үйінде тұрып, жеңгемнің шәйін ішіп екеуімен де жақсы араласқанмын, екеуін бірдей сыйламын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын. Былтыр менің әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалған кезде мені ең бірінші болып Мөлдір жеңгем қолдаған еді. Айтқызбай-ақ қолдаған болатын. Біз бір-бірімізді  2008 жылдан бері танимыз. Қашан барсам да алдымнан жүгіріп шығып, күн демей, түн демей бір шәйнек шайымен қарсы алатын. Сол жеңгемнің алғашқы киносы шығып жатыр. Соны тамашалауға шақырамын", -  деді ол.

Барлық жаңалық