Шоу-бизнес

«Ұят-ай! Үйленгендеріне көп болмап еді»: Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген ақпарат тарады (ФОТО)

«Ұят-ай! Үйленгендеріне көп болмап еді»: Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген ақпарат тарады (ФОТО)

Жақында өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде тараған жұбайының жүкті екені туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында Threads желісінде өздеріне қатысты «гендер пати жасап жатыр», Ұят-ай! Үйленгендері кеше ғана» деген әңгімелер тарағанын жазған.

«Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге жетейік. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын», – деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленгенін жариялаған болатын. Желіде ерлі-зайыптылардың сәби күтіп жүргені туралы түрлі болжамдар тараған еді.

Барлық жаңалық