Танымал әзілкеш, бұрынғы «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының басшысы Бауыржан Ибрагимов көпшілік алдына үшінші тоқалымен бірге шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі алғаш рет өзінің үшінші әйелі мен баласын елге таныстырды.
Бауыржан Ибрагимов оларды Шымкент қаласында өткен тойлардың біріне ертіп барған. Сол жерде түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде лезде тарап, көптің қызу талқысына түсті.
Желі қолданушылары әзілкештен мұндайды күтпегенін айтып, түрлі пікір қалдырды. Пікірлер арасында:
«Еркектер қатын алудан жарысқа шыққан ба?», «Мына шалдар құтырған, бәрі жас қатын алып», «Мына қыз өзін қалай қиды екен?», «Тұрсынбекке қарағанда талғамы жақсы екен», «Тұрсынбектің тоқалынан әдемі», «Ақшасы соншалықты көп пе?», «Қалай тиген мынаған?» – деген жазбалар кездеседі.