Желіде белгілі әзілкеш, театр жетекшісі Бауыржан Ибрагимовтің жүкті келіншекпен жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
TikTok қолданушысы әзілкештің тоқалымен жүргенін жазған.
"Бауыржан тоқалымен", деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
"Тұрсынбек бітті, енді Бауыржан шықты", "Бәсе, неге қартаймайды десем", "Бір тойда мынау келіндеріңіз деп жас біреуді көрсеткен еді ғой", "Баяғыда алған", "Түркістанда тұрады, есімі Сабина", "Тоқал алмаған менің байым қалды", деп жазды олар.
Айта кетейік, желіде Бауыржан Ибрагимовтің тойда жас қызды әйелім деп таныстырған видеосы тараған еді. Артынша аталмыш кадрлар барлық жерден өшірілді.