Түркістан облысы

Түркістан облысында газ жарылысы болды

Түркістан облысында газ жарылысы болды

Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында төтенше жағдай болды. Газ жарылысы салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті деп хабарлайды Оzgeris.info сайты.

 

Оқиға кезінде бір тұрғын зардап шекті. Ал үйдің көп бөлігі қайта қалпына келтіруге келмейді.Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі тұрғындардың газ жүйесіне өз бетімен құрылғы қосуы болған. Бұл туралы Түркістан облыстық «QazaqGaz Aimaq» филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазіргі уақытта үйге газ беру уақытша тоқтатылған. Мамандар аумақтағы ықтимал ақаулар мен газдың шығу көздерін тексеріп жатыр.Газ қызметі өкілдері тұрғындарға газ желісіне өздігінен қосылудың қаншалықты қауіпті екенін ескертіп, мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға соқтыратынын тағы да еске салды.

Барлық жаңалық