Түркиядағы есірткіге қатысты тергеу шоу-бизнес өкілдеріне дейін жетті. Ыстамбұлда танымал актерлер мен өнер адамдары ұсталып, олардың үйлерінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұсталғандардың қатарында көрерменге «Зимородок» сериалындағы Сейран рөлімен танымал Афра Сарачоғлу, сондай-ақ актерлер Арас Булут Ийнемли, Мелис Сезен және рэпер Sefo бар.
Тергеуді Бакыркөй прокуратурасы жүргізіп жатыр. Ведомствоның мәліметінше, кейбір күдіктілердің есірткі немесе психобелсенді заттарды қолданғаны, оларды қолдануға жағдай жасағаны немесе пайдалануға орын ұсынғаны туралы деректер алынған.
Тергеу аясында күдіктілерден сараптама жүргізу үшін биологиялық үлгілер алынуы мүмкін. Бұған дейін Түркия прокуратурасы есірткі ісі бойынша бірқатар танымал тұлғаның тест нәтижелерін де жариялаған.