Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленетінін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Тойға киетін көйлек алып дайындала бересіздер ау», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары: «Тұқымың майдаланатын болды», «Өзің ұзын бойлы жігітсің, басқа бойы ұзын қыз табылмады ма, жарасымды жұп емес», – деп сын айтты.
Әнші бұған: «Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес. Мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», – деп жауап берді.