Жаңалықтар

Тұлғалардың орнын функциялар басты: Қазақстандық элитаның 10 жылдық трансформациясы

Тұлғалардың орнын функциялар басты: Қазақстандық элитаның 10 жылдық трансформациясы

«Стратегия» орталығының 2012 жылдан бері жүргізіп келе жатқан сарапшылық өлшемдеріне сүйенсек, басқарушы элитаның сапасы бойынша қызықты деректерді көруге болады. 2015 және 2026 жылдардың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерді салыстырсақ, құлдырау байқалады деп хабарлайды ozgeris.info сайты Данияр Әшімбаевтың жеке телеграм арнасына сілтеме жасап.

  • Тиімділік: 3,92-ден 3,64-ке дейін төмендеген.

  • Бедел: 4,03-тен 3,71-ге дейін түскен.

Егер мұны мектептегі 5 балдық жүйеге аударсақ, тиімділік 2,8-ден 2,6-ға, ал бедел 2,9-дан 2,7-ге сырғыған. Яғни, басқарушылардың басым бөлігі «үштік» пен «екілік» арасында қалып қойған.

«Екілік» алғандардың өсуі: Ең қауіпті үрдіс — «нашар» баға алатын басшылар санының күрт артуы:

  • Тиімділік бойынша: 2015 жылы «екіліктер» 19% болса, қазір олардың үлесі 45,2%-ға жеткен.

  • Бедел бойынша: «екіліктер» саны 21,4%-дан 45,2%-ға дейін өскен.

Тұлғалардан функцияларға көшу: 2016 жылғы Үкімет құрамында И. Тасмағамбетов, Д. Назарбаева, Ә. Исекешев сияқты «жарқын» тұлғалар болса, қазіргі элита көбіне «адам-функциялардан» тұрады. Жаңа тағайындалған тұлғалардың мансабы өскенімен, олардың беделі мен репутациясы бірге өсіп үлгермей жатыр.

Барлық жаңалық