Жаңалықтар

Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Айта кетейік, жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент жұмысын 30 маусым күні Қазақстан Президенті қорытындылайтынын мәлім етті.

Еске салсақ, Парламент жаңа Конституцияны іске асыру үшін бірқатар конституциялық заңды қарады. «Президент», «Астананың мәртебесі», «Әкімшілік-аумақтық құрылыс» туралы заңдар жаңарып, «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі», «Халық Кеңесі» туралы мүлдем жаңа заңдар қабылданды. Осылайша, Ата заңның күшіне енуі үшін барлық жұмыс атқарылды. Сонымен қатар депутаттар «Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заң қабылдады. Елімізде қылмыстық рақымшылықпен бірге, алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалды.

26 маусым күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов VIII сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясындағы палатаның жұмысын қорытындылады



Барлық жаңалық