Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Үкімет құрамындағы бірқатар лауазымға тағайындау жасалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.
Тиісті жарлықтарға Мемлекет басшысы қол қойды.