Жаңалықтар

Тоқаев альпинистке жоғары мемлекеттік марапат табыстады

Тоқаев альпинистке жоғары мемлекеттік марапат табыстады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев альпинист және жаттықтырушы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, бұл жоғары марапат оған альпинизм саласындағы елеулі жетістіктері, елдегі спортты дамытуға қосқан зор үлесі және қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін табысталды.

Ерванд Ильинский – қазақстандық альпинизмнің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның қоржынында 250-ден астам шыңды бағындыру бар. Ол Эверестті және әлемнің барлық құрлықтарындағы ең биік шыңдарды бағындырған.

Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы ретінде ерекше жетістікке жеткен. Оның жетекшілігімен қазақстандық команда әлемде алғаш болып барлық 14 сегізмыңдық шыңды бағындырды.

Тәжірибелі маман көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп, елімізде мықты альпинизм мектебінің қалыптасуына ықпал етті.

Барлық жаңалық