Жаңалықтар

Ток соққан: Петропавлда 22 жастағы жұмысшы көз жұмды

Ток соққан: Петропавлда 22 жастағы жұмысшы көз жұмды

Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінде көктемгі су тасқынына дайындық барысында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға бүгін болған. Марқұм — 2004 жылы туған жігіт. Ол Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясында қосалқы станция жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы қосалқы станцияда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде токқа түскен. Жұмыс арнайы рұқсатпен атқарылған.

Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Барлық жаңалық