Жаңалықтар

Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты маңызды шешімді жариялады

Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты маңызды шешімді жариялады

Еліміздің бас банкі базалық мөлшерлемені төмендетуге асығар емес. Бұл шешімнің өзіндік салмақты себептері бар. Қаржы реттеушісінің төрағасы Тимур Сүлейменов арнайы брифингте осы мәселенің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қазіргі таңда инфляция бәсеңдегенімен нәтиже мамандар күткендей мардымды болмай шықты. Айлық инфляция көрсеткіштеріне қатысты түйткілді сұрақтар әлі де жетерлік. Оған қоса көршілес мемлекеттердің жанармай нарығындағы дүрбелең жағдай бізге де салқынын тигізуі ықтимал. Төраға баға өсімі мейлінше тежелсе ғана базалық мөлшерлемені түсіруге жақсы мүмкіндік туатынын жеткізді.

Еске салсақ бесінші маусым күні Ұлттық банк инфляцияның бәсеңдеуіне байланысты базалық мөлшерлемені 18 пайыздан 17 пайызға түсірген болатын. Болашақта қаржы реттеушісі ақша-несие саясатындағы қалыпты қатаңдық шарттарын әрі қарай да сақтап қалмақ.

Барлық жаңалық