Қоғам

Тим Кук Apple басшысы қызметінен ресми түрде кетті

Тим Кук Apple басшысы қызметінен ресми түрде кетті

2011 жылдан бері Apple компаниясының бас директоры (CEO) қызметін атқарып келген Тим Кук ресми түрде орнынан кетті. 1 қыркүйектен бастап корпорацияны бұған дейін аппараттық қамтамасыз ету жөніндегі аға вице-президент болған Джон Тернус басқарады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Лауазымындағы соңғы күні Кук өзінің орнына келген жаңа басшыға көпшілік алдында қолдау білдірді. Қызметкерлерге жолдаған хатында ол Apple-ден толықтай кетпейтінін, тек бас директор қызметін тапсыратынын атап өтті.

«Әлемді өзгертетін өнімдерді жасау үшін не қажет екенін Джон сияқты терең түсінетін мамандар кемде-кем», - деп жазды Кук.

Сарапшылардың пікірінше, Тернустың бұл қызметке келуі Apple алдағы жылдары құрылғыларды әзірлеуге және олардың сапасына одан да көп көңіл бөлетінін білдіреді.

Оның басшылығымен компания бірқатар танымал өнімдерді, соның ішінде өте өңқалай (ультратонкий) iPhone Air, қолжетімді MacBook Neo және есту қабілетін бақылайтын функциялары бар AirPods құлаққаптарын нарыққа шығарған еді. Бұдан бөлек, Тернус Apple-дің бүкіл өнімдер желісіне жауап беретін аппараттық әзірлеу тобын басқарды.

Барлық жаңалық