Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа танымал дін қайраткері Нұрлан Байжігітұлымен бірге түскен видеосын әлеуметтік желіде жариялап, бір жыл бұрын берген уәдесін орындағанын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Видеодан өнер иесінің Нұрлан имамға iPhone маркалы қымбат смартфон сыйлағанын көруге болады. Әбдіжаппар Әлқожаның айтуынша, бұл — бұған дейін көпшілік алдында уәде етілген сыйлық.
«Халық алдында айтылған уәде орындалуы керек. Біз үшін ең маңыздысы — шынайы ниет пен көңіл», — деп жазды әнші.
Ал Нұрлан имам көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, ақ батасын берді.
Бұл игі қадам желі қолданушыларының да ыстық ықыласына бөленді. Оқырмандар өнер иесінің әрекетіне риза болып, жылы лебіздерін жаудырды.
«Жарайсың, Әбдіжаппар», «Алла пейіліңе берсін», «Міне, нағыз азамат», «Жақсылық жасаудан ұтылмайсың», «Құрметің мен ниетіңе разымыз» деген сынды пікірлер көптеп жазылды.
Желі қолданушылары Әбдіжаппар Әлқожаның уәдеге берік, ниеті түзу азамат екенін атап өтіп, бұл әрекетті көпке үлгі боларлық іс деп бағалады.