Теміртауда кішігірім жол-көлік оқиғасынан кейін күтпеген жағдай орын алды. Жүргізуші көлігін тоқтатқанымен, оны қол тежегішке қоюды ұмытып кеткен деп жазады Оzgeris.info. Соның салдарынан автокөлік өздігінен қозғалып кеткен.
Оқиға орнынан видеоға түсірілген сәтте полиция қызметкері көлікті тоқтатпақ болып жүгірген. Алайда ол тайып кетіп, дөңгелектердің астына түсіп кете жаздаған. Абырой болғанда, ол орнынан жылдам тұрып үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге көлікті дұрыс бекітпегені үшін әкімшілік хаттама толтырылған.Мамандар осындай оқиғалар жүргізушілердің қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керектігін ескертеді.