Жаңалықтар

"Телефон шұқылап отырған": Алматыда автобус жүргізушісі 18 жастағы қызды қағып кетті

"Телефон шұқылап отырған": Алматыда автобус жүргізушісі 18 жастағы қызды қағып кетті

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі ұсталды. Автобус салонындағы бейнебақылау камералары көрсеткендей, қоғамдық көлік жүргізушісі қозғалыс барысында телефонға алаңдаған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жол-көлік оқиғасы сәті автобус ішінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан жүргізушінің көзін жолдан жиі тайдырып отырғаны анық көрінеді. Белгілі болғандай, ол қозғалыс кезінде ұялы телефонына қараған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 желтоқсан күні сағат 11:00 шамасында Алмалы ауданында болған. Төле би даңғылы бойымен келе жатқан автобус жүргізушісі жолды зебра арқылы кесіп өтпек болған 2007 жылғы қызды қағып кеткен. Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.

"Осы дерек бойынша Алматы қаласы бойынша Дознание басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді полицияда.

Ведомство өкілдері жүргізушілердің, әсіресе жолаушылар тасымалдау жауапкершілігіне ие мамандардың, қозғалыс кезінде телефонға алаңдауы мүлдем жол берілмейтін жағдай екенін атап өтті.

"Әрбір жүргізуші жолға барынша мұқият болуы тиіс, себебі оның назарында адамдардың тағдыры тұр. Алматы қаласының полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін тағы да жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады", — деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаев.

Барлық жаңалық