Жаңалықтар

Талдықорғанда көшеден ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғанда көшеден ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғандағы көшелердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, оның кім екені анықталды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Полицияның мәліметінше, мәйіт 56 жастағы жергілікті тұрғындікі болып шықты.

Ол спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтынатын адам ретінде профилактикалық есепте тұрған.

Ер адамның мәйітін таңертең жұмысқа шыққан коммуналдық қызметкер Қабанбай батыр көшесі бойынан байқаған.

Әйел адам оқиға туралы бірден полицияға хабарлаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

— Ер адамның жеке басына қатысты деректер анықталды. Ол спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтынатын 56 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр, — деп хабарлады Kazinform тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық