Жаңалықтар

Талдықорғанда жаралы сәби табылды

Талдықорғанда жаралы сәби табылды

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы 4 шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің жанынан шамамен бір жастағы сәби табылған. Куәгерлер бала жоғары қабаттан құлады деп болжады. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бала бес қабатты тұрғын үйдің маңайынан табылған. 

“Жасы шамамен бірде. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жоғарғы қабаттардың бірінен құлап кеткен. Куәгерлер шұғыл жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер баланы ауруханаға жеткізіп, қазір оның өмірін аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Егер бала немесе оның ата-анасы туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, полицияға хабарлауыңызды сұраймыз”, – делінген жазбада.

Сондай-ақ автор баланың ата-анасы да, мекен-жайы да анықталмағанын жазған. Оның сөзінше, бала ауруханаға аты-жөні белгісіз күйде жеткізілген.

Болған жағдайды Жетісу облысы полиция департаменті растады.  

“Қазір бала медициналық мекемеде жатыр. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Барлық жаңалық