✅ Пайдалы

Таксимен жүргеніңізге ақша береді

Таксимен жүргеніңізге ақша береді

Такси шақырып, межелі жерге жеттіңіз. Бар болғаны, төлеген чекті сақтап қойсаңыз жеткілікті. Енді сол чек арқылы ақшаңызды қайтара аласыз. «Бухта» салық мәліметтері операторының хабарлауынша, қазақстандықтар такси қызметін пайдаланғаны үшін 2%-ға дейін кэшбэк алып, тіпті бағалы сыйлықтар ұтысына да қатыса алады, деп жазады Ozgeris.info.

Мұндай мүмкіндік Мемлекеттік кірістер комитеті дайындаған Amian мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Жүйе қарапайым: таксимен жүрдіңіз, жолақыны төлеп, чекті алдыңыз енді оны Amian-ға жүктейсіз. Бірнеше секунд ішінде чектегі соманың 2 пайызы сіздің картаңызға немесе телефоныңыздың балансына қайтарылады. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында түрлі акциялар мен бонустар да қарастырылған.

Мәселен, әр тоқсан сайын ең көп чек жолдаған 20 адам (әр өңірден бір жеңімпаз) 100 мың теңгеден ұтады. Ал Яндекс Лавкадан бірінші рет тапсырыс бергендерге 50% жеңілдік бар. Каршерингті ұнататындар үшін – Anutime-нан 5 мың теңгелік бонус та ұсынылады.

 

Барлық жаңалық