💰 Экономика

Такси жүргізушілеріне маңызды жаңалық: Chevrolet Cobalt-ті Комфортқа тіркеп үлгеру керек

Такси жүргізушілеріне маңызды жаңалық: Chevrolet Cobalt-ті Комфортқа тіркеп үлгеру керек

Таксиде «Комфорт» тарифімен жұмыс істейтіндерге маңызды жаңалық. 15 тамыздан бастап Chevrolet Cobalt, Ravon R4 және Changan Alsvin секілді танымал көлік модельдері бұл категориядан алынып тасталады, деп жазады Ozgeris.info.

Яндекс Таксидің жаңа талаптары күшіне енген соң, осы модельдер енді “Комфорт” санатына жатпайды. Яғни, олар бұл тарифпен тапсырыс орындай алмайды. Шығарылған жылы мен жабдықталуы да әсер етпейді. 

Бірақ бір нюанс бар. Егер жүргізуші бұл көлікті 15 тамызға дейін тіркеп үлгеріп, ең болмағанда бір рет тапсырыс орындаса, онда бұрынғыдай «Комфортта» жұмысын жалғастыра алады. Ал аталған модельдер 15 тамыздан кейін қосылса, тек «Эконом» немесе «Жеткізу» (доставка) тарифтерінде ғана қолжетімді болады.

Яндекс өкілдері бұл шешім жолаушыларға сапалырақ қызмет ұсынуға бағытталғанын айтып отыр. Себебі «Комфорт» санатындағы талаптар жылдан-жылға күшейіп келеді: көліктің жылы, кеңдігі, салон сапасы – бәрі есепке алынады.

Сондықтан бұл жаңалық бірқатар таксист үшін ыңғайсыздау тиеді. Дегенмен, көлігін бұрын тіркеп үлгергендер үшін ештеңе өзгермейді. Толық тізімді және нақты қандай көліктер «Комфорт» тарифіне сәйкес келетінін Яндекс Такси қосымшасы мен ресми сайтынан көруге болады.

Барлық жаңалық