Жаңалықтар

Такси жүргізуішісіне ақша төлемей кеткен жолаушы өз әрекетін түсіндірді

Такси жүргізуішісіне ақша төлемей кеткен жолаушы өз әрекетін түсіндірді

Астанада жүргізушінің есту қабілетінің нашарлығын пайдаланып, таксиге ақы төлемей түсіп кеткен жолаушы ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Жүргізуші Самат тек жігіттің ұялғанын қалайтынын айтқан, басқалай шағымданбаған. 

Алайда Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері болмағанына қарамастан, желідегі ақпаратқа жедел әрекет еткенін хабарлады.

Полицейлер жолаушының жеке басын анықтау және оны ішкі істер органдарына жеткізу бойынша шаралар жүргізді.

"Сол күні-ақ полицейлер құқықбұзушыны – Көкшетаудың 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның айтуынша, ол 24 қарашада такси қызметін пайдаланған. Алайда қызмет үшін төлемей көліктен түсіп кеткен", – делінген ведомство.

Ол мұндай әрекетін қаржылық қиындықтармен түсіндірген. Құқық қорғау органдары жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ақырында ол жолақыны толықтай өтеп берген. 

Барлық жаңалық