Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол өзінің хейтерлеріне жауап қайтарды.
“Қыздар! Бұл менің жеке парақшам, демек өзіме не ұнайды соны саламын. Айналамды, кіммен араласам, қайда жүрмін, тұрамын, нестеп жүрмін бәрін көрсету шарт емес. Маған өтірік күліп, сыртымнан әңгіме қылатын мың достан Адалынан бір дос артық деген ұстанымдамын. Мен айналамды салмасам ешкім жоқ деген әңгіме емес. Парақшамды да жарысу үшін жүргізбеймін. Бағыдан қандай дәл солай жалғастырып жүрмін. Ұнамаса блок деген кнопка бар баса сал, сосын маған рекламаның да, ректің де қажеті жоқ, ешқандай ойын ойнамаймын. Ол трендтегі ойынды охват көтеру үшін, рекке шығу үшін ақша табу мақсатында ойнайды блог көтеру үшін. Маған оның түкке қажеті жоқ.”
Сондай-ақ ол өзінің сан түрлі қырын көрсетуін талант екенін айтты.
“Бір адам түрлі образды ашып көрсете алса ол Талант. Өнер. Сүмірейіп бір комфорттан шықпай жүргендер қаншама. Өзін іштейде, сырттай да жоғалтып алғандар да соншама.”

