Шоу-бизнес

Сұмдық! Қазақстанның жұлдыздары жаппай заң бұзып, полиция назарына ілікті

Сұмдық! Қазақстанның жұлдыздары жаппай заң бұзып, полиция назарына ілікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлерге қатысты мемлекеттік органдардың қатаң шаралары жалғасуда. Жауапты мекемелер өткен жылы аталған құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған қазақстандық блогерлердің тізімін жариялады деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Ресми деректерге сәйкес, «айфон ойнатамын» сынды ұтыс ойындары енді жай ғана контент емес, заң бұзушылық ретінде қарастырылып отыр. 2025 жылы заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін 121 адам жауапқа тартылып, салынған айыппұлдың жалпы көлемі шамамен 50 миллион теңгеге жеткен.

 

Тізімде көпшілікке танымал блогерлердің есімдері де бар. Олардың қатарында Supermamasita, Мереке Қалбаева, Мөлдір Мұқанова, Justking31 және оның жұбайы, Дархан Жолшыбеков секілді тұлғалар аталады.

 

Айыппұл мөлшері де айтарлықтай жоғары. Жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 430 мың теңге), ал жеке кәсіпкерлерге 300 АЕК (1,3 миллион теңгеге жуық) көлемінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда табысты тәркілеу шарасы қолданылады.

Барлық жаңалық