Жаңалықтар

Суэцке балама бағыт: Қазақстан арқылы жүк тасымалы бес есе артты

Суэцке балама бағыт: Қазақстан арқылы жүк тасымалы бес есе артты

Соңғы жеті жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына шамамен $35 млрд инвестиция салды. Бұл қаражат теміржол және автомобиль жолдарын салуға, порттар мен авиациялық инфрақұрылымды, шекаралық өткелдер мен цифрлық логистикалық жүйелерді дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлемдік өндірушілер мен логистикалық компаниялар балама әрі әртараптандырылған сауда бағыттарын белсенді түрде іздей бастаған тұста, Орта дәліз болашағы зор балама бағыттан Азия мен Еуропаны байланыстыратын ең қарқынды дамып келе жатқан құрлықтық маршруттардың біріне айналды, деп атап өтеді MSN.

Соңғы жеті жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТКХБ) бойынша жүк тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаға жетіп, бес есеге артты. Бұл көрсеткіш ТКХБ-ның жаһандық логистикадағы рөлін нығайтты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын халықаралық экспедиторлық компаниялар Орта дәлізді өткізу қабілеті шектеулі бағыт ретінде қарастырған болатын. Алайда оған қатысушы елдердің күш-жігерін үйлестіру бұл көзқарасты түбегейлі өзгертті. Халықаралық көлік секторының бағалауына сәйкес, соңғы жеті жылда дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсіп, 2025 жылы 4,5 млн тоннадан асты, ал контейнерлік тасымал көлемі шамамен 77 мың TEU-ға жетті. Стратегиялық мақсат – бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 300 мың TEU-ге дейін жеткізу.

Шекаралық өткелдерде «бір терезе» қағидатын енгізу және тасымалдаудың барлық кезеңін қамтитын цифрлық шешімдер Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

20252026 жылдары Қытаймен шекарадағы «Достық» стансасынан Грузияның Қара теңіз порттарына контейнер жеткізу уақыты орта есеппен 1113 күнді құрады. Жеткізу жылдамдығы бойынша мұны Суэц каналы арқылы теңіз тасымалдарымен салыстыруға болады, сонымен қатар жүктерді жеткізудің болжамдылығы мен сенімділігін арттырады.

Барлық жаңалық