Алматыда экс-судья Светлана Жолманова тағы бір іс аясында кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Үкім 2026 жылғы 11 ақпан күні шықты. Светлана Жолманова Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті мерзім бұрынғыдай 10 жыл болып қалды. Яғни, жаңа үкім бойынша негізгі жаза мерзімі өзгерген жоқ.
Бұл істе 6 жәбірленуші болды. Медеу аудандық соты олардың үшеуінің талап-арызын қанағаттандырды. Е.Р. пайдасына 94 258 750 теңге көлеміндегі материалдық залал, сондай-ақ 942 587 теңге мемлекеттік баж; М.А. пайдасын 15 миллион теңге залал және 150 мың теңге мемлекеттік баж; Қ.А. пайдасына 59 миллион теңге залал және 590 мың теңге мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді. Сот талаптардың бір бөлігін қараусыз қалдырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету керек, былтырғы маусым айында Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталғанын жазғанбыз.