Жаңалықтар

Судья ауыспайды: Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот қалай өтіп жатыр 

Судья ауыспайды: Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот қалай өтіп жатыр 

Астанада қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты істе басты судья өзгермейтін болды. Сот процесін бұрыннан жүргізіп келе жатқан судья Меруерт Абаева одан әрі жалғастырады, деп жазады Ozgeris.info тілшісі. 

Сотталушы Сәуле Жұбаниязованың қорғаушысы Асхат Алимов судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіріп, оны істен шеттетуді сұраған еді.

Өтінішті қараған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы Самат Сембаев қарсылықты қанағаттандырусыз қалдырды.

 Адвокаттың судьяны ауыстыруға келтірген уәждері жеткіліксіз әрі негізсіз деп танылды.

Қайғылы оқиға хроникасы
* 2025 жылғы 8 қараша: Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлап, зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке жеткен жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер блогы үзіліп түсті.
* 2025 жылғы 18 қараша: Ауыр жарақат алған жас маман жансақтау бөлімінде 10 күн бойы арпалысқанымен, көз жұмды.
* Ерлікке тағзым: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлдана Мырзуан қаза тапқаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Барлық жаңалық