Қоғам

Стамбұлда жеті қабатты тұрғын үй құлап, тұрғындар үйінді астында қалған

Стамбұлда жеті қабатты тұрғын үй құлап, тұрғындар үйінді астында қалған

Стамбұлдың Малтепе ауданындағы Догу көшесінде жеті қабатты тұрғын үйдің алғашқы үш қабаты опырылып түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD), Ұлттық медициналық құтқару тобының (UMKE), полиция мен жедел жәрдем қызметінің мамандары жіберілді.

Құтқарушылар үйдің жоғарғы қабаттарында үйінді астында қалған адамдарды алып шықты. Олардың қатарында 14 жастағы бала да бар. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ғимараттың бірінші қабатында шеберхана орналасқан. Құлаған кезде оның ішінде ешкім болмағаны анықталды.

Ғимараттың толық құлау қаупіне байланысты оның маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық