Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман ортақ балаларына байланысты сот процестері қайта жанданғанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, бір жарым жылға жуық уақытқа созылған сот ісін осы уақытқа дейін көпшілікке жария етпей келген.
«Арадағы жағдайды елге айту маған оңай болған жоқ. Дегенмен, оқырмандар арасында дәл осындай сот дауына тап болып жүрген аналар көп екенін көріп отырмын. Көп сұрақ түсті. Сондықтан сот процесі туралы ашық айтып отыруды жөн көрдім. Бір адамға болса да көмегі тиер деп ойлаймын. Өкінішке қарай, елімізде баласын әкесінен қорғай алмай жүрген аналар аз емес», — дейді Назым Қахарман.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев бұған дейін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Осыған байланысты осы жылдың шілде айында Назым Қахарман оны сотқа беріп, әкелік құқықтан айыруды талап еткен.Алайда, оның айтуынша, сот процесі күткендей нәтиже бермеген.
«Мен сотта жеңемін деп сендім. Бірақ жеңіліп қалдым. Іс барысында судья мен прокурор Қуандықтың жағында тұрғандай әсер қалдырды. Олардың уәжінше, Қуандық марқұм Салтанатпен заңды некеде болмаған, нашақор немесе маскүнем емес, сондықтан әкелік құқығы сақталады», — дейді ол.