Қоғам

Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты

  Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты

Солтүстік Кипрдегі қайғылы оқиғадан зардап шеккен бойжеткен Қазақстан азаматы емес болып шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ведомство өкілдерінің атап өтуінше, ол Қазақстанда дүниеге келгенімен, Қырғыз Республикасының азаматтығын алған.

«Деректерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматшаның Қазақстан тумасы екені, бірақ Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», - деп хабарлады ҚР СІМ.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Кипрдің Никосия қаласында 22 жастағы Жанерке Әбдіразақоваға қастандық жасалғаны туралы хабарланған болатын. Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында орын алған. Белгісіз ер адам бойжеткенге пышақпен тап беріп, кейін өз-өзіне де жарақат салған.

Қазіргі таңда ауыр жарақат алған бойжеткен доктор Бурхан Налбантоғлу атындағы мемлекеттік ауруханада, дәрігерлердің жіті бақылауында жатыр.

 

Барлық жаңалық